Ауданымызға қарасты Шамалған ауылдық округінде көгілдір отынның қымбатшылық мәселесі осы уақытқа дейін аудандық, облыстық дәрежеде бірнеше рет көтерілген еді. Алайда, жылдар бойы шамалғандықтарды мазалап келген бұл күрделі мәселе әлі күнге дейін өз шешімін таппады. Қымбатшылықтан әрі округті газбен қамтамасыз ететін «Сигма-газ» ЖШС компаниясы тарапынан көрсетілетін төмен дәрежедегі қызметтен әбден шаршаған халық «Сигма, кет» деген ұранмен бүгін ауылдық әкімдіктің алдына жиналып, өздерінің наразылығын білдірді. Тұрғындардың айтуынша, бүгінде олар «Сигма-газ» ЖШС-на көгілдір отынның бір кубы үшін 34 теңге 75 тиын төлеуде, ал бұл ауданымызға қарасты өзге округтер мен ауылдар төлейтін тарифтерден 5-6 теңгеге қымбат. Оның үстіне соңғы айларда берілетін жылу мөлшері өзгермеседе осы айда қолданған газ үшін баға екі есеге ұлғайып кеткен. Бұған қоса, үйіне газ тартып алу үшін кейбіреулері 600-700 мың теңге төлеген (басқа ауылдарда газ қостырудың бағасы 150-300 мың теңге аралағында). Үлкен мәселе көтеріп келген қарасайлықтармен аудан әкімі Жасұлан Естенов, жергілікті әкімдік өкілдері, аталмыш компанияның директоры Василий Прокофьев кездесті.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать