Шымкенттегі қағаз шығаратын кәсіпорын жұмысын тоқтатты

Шымкенттегі қағаз шығаратын кәсіпорын жұмысын тоқтатты

Шымкенттегі кеңсе қағазын шығаратын кәсіпорын шикізат тапшылығына байланысты жұмысшыларын уақытша демалысқа жіберді. Хабар 24 мәліметінше, Финляндия мен Ресейден алыс-берістің тікелей жеткізілуінде қиындық пайда болған, деп хабарлайды Naqty.kz.

Қос мемлекеттің өндіру саласында белгілі бір шектеулер мен уақытша тасымал тоқтаған. «Арадағы келісім-шарттың бұзылуын пайдаға асырғысы келетіндер шикізат бағасын қолдан екі есе қымбаттатып отыр», — дейді кәсіпорын өкілдері. Олардың өндірістік қуаты қағаздың А4 форматын 3 миллион, А3 қағазын 300 мыңнан астам бумаға дейін шығаруға жетеді. «Өндірушілер, СБК-лар әр кәсіпорынға бір вагон сатуға ғана лимит қойып қойған. Бір вагон деген 25-24 мың дана қағаз болады. Ол тіпті 1% қамтамасыз етпейді. Біздің қуатымызбен айына 10 вагонға дейін өндіріп, шығаруға болады. Бұл — 200-250 мың бума», — деді кәсіпорын басшысының орынбасары Қанат Әлімбаев.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях