Үштеректегі жаңа мешіт

0
2930

Қасиетті рамазан айы қарсаңында ауданда тағы да бір мешіт ашылды. Құлшылық үйі – «Сақтаған ата» мешіті деп аталып, жаңадан ашылған ғибадат орны Үштерек ауылында бой көтерді. Оны салуға себепкер болған – жеке кәсіпкерлер, компьютер және логистика салаларының мамандары Ержан Майлыбаев пен Нұржан Құрманәліұлы.

Әсем салынған мешіт ауылдың көркін ашып тұр. Бұл аудандағы осымен отыз сегізінші құлшылық үйі болып саналады. Ашылу салтанатында ауыл тұрғындарын аудан әкімі Махаббат Бигелдиев құттықтап, қасиетті рамазан айы қарсаңында мешіттің ашылуын жақсылыққа балады. Бұл ислам дінінің қанат жайып, дінге бет бұрған азаматтардың қатары өсіп келе жатқанын білдіреді деді. Сонымен қатар мешітті салуға атсалысқан Құрманәлі Майлыбаевқа рахметін айтып, ризашылығын білдірді. Бұдан бөлек, өзінің арнайы сыйлығын, атап айтқанда, үлкен Құран кітабі мен Жаратушымыз бен Пайғамбарымыздың есімі жазылған картинаны табыстады. Ал, мұнан соң, ортаға шыққан аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Сайлаубек Қыдыралиевте жаңа мешіттің ашылуымен үштеректіктерді құттықтап, құлшылық үйінің елдің рухани дамуына өлшеусіз үлес қосатынын атап өтті. Қызыл лентаны қиюдың алдында, «Қарасай батыр» мешітінің имамы Қуаныш Наржанов сөз алып, хадистерде айтылғандай мешіт салудың сауабы үзілмейтінін тілге тиек етті. Мешіт – жердегі Алланың үйі айта келе, онда келген жамағат – Алланың қонағы екенін алға тартты. Ал, осы ғибадат ету ғимаратының имамы болып сайланған қажы Зиятхан Бөрібаев Алла Тағаланың пендесіне тілегенін беріп, құр қол қайтармайтынын, мешіт жамағатының Жаратушы нұрына бөленерін жеткізді. Бұдан кейін ауылдың қадірменді ақсақалдары ақ батасын беріп, мешіттің қызыл лента қиылып, құлшылық үйінде алғашқы намаз оқылды.

Ғибадаттан шыққан соң, барлығы Сақтаған атаның ұрпақтары жайған ақ дастарханнан дәм татып, алғыстарын жаудырып кетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь