«Nur Otan» партиясының атынан президенттік сайлауға ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының еліміздің барлық аймағында қоғамдық сайлауалды штабы жұмыс істеп жатыр. Соның аясында бүгін штаб өкілдері ауданымыздағы «Алматыгазсервиз Холдинг» АҚ қызметкерлерімен кездесіті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.
Кездесуді аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық қоғамдық штабтың жетекшісі Ақшолпан Марат ашып, штабтың мақсаты мен міндеттері жайлы айтты сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, Ақшолпан Қайратқызы үгіт-насихат науқанының басым бағыттарының бірі ретінде Президенттікке кандидаттың сайлауалды бағдарламасын қалыптастыруға азаматтардың тікелей қатысуы арқылы жақтастарды тартуға бағытталған «BIRGE» атты республикалық акция жайында баяндады.
[su_custom_gallery source=»media: 9821,9822,9823,9824,9819,9825″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Мұнан кейін штаб мүшелері – аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов, қоғам белсендісі Баян Әбдікәрімова, «Баян ауыл» ЖШС-нің директоры, аудандық мәслихат депутаты Жанна Жазықпаева мен «Дәулет-Серпін» ЖШС-нің директоры, аудандық мәслихат депутаты Жалғасқан Дәлібаев сөйлеп, Президент сайлауының тарихи маңыздылығы жөнінде әңгімелей отырып, «Nur Otan» партиясынан үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяның, еңбек жолын, қазіргі уақытта атқарып жатқан игі істері туралы айтып, оны қолдап, дауыс беруге шақырды.