Басылым Еуропадан, соның ішінде Англия, Польша, Нидерланд және Италиядан, Түркиядан, Қазақстаннан және АҚШ-тан хабар таратады. Негізгі редакциясы Нью-Йоркте орналасқан, деп хабарлайды Naqty.kz
Онлайн газет «Kazakh» — Қазақ, «unite» — бірігу дегенді білдіреді. Басылым АҚШ-та бастау алып отырғандықтан, kazunite, яғни Kazakhstan және United States of America аттарынан қысқартып алыныпты. Газет ұжымының мақсаты: екі елдің ынтымақтастығына да елеулі үлес қосу, қажетті пайдалы ақпарат беріп, ағартушылық қызмет көрсету, жан-жақты ақпаратпен оқырманды сыни ойлауға жетелеу. Сонымен қатар, редакция ұжымы өздері жайлы: « Біз — мультимедиялық ақпарат құралымыз. Сондықтан Үкіметтік мекемелерге тәуелді емес, өз мақсатымызға тәуелдіміз. Бізде цензура жоқ. Цензура – өз арымыз бен ұятымыз, – дейді.