Шенділер енді қымбат дүние сатып алмайды. Бұл – Тоқаевтың талабы.

Шенділер енді қымбат дүние сатып алмайды. Бұл – Тоқаевтың талабы.

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің қымбат дүниелер сатып алуы қатаң бақылауға алынады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

«Еліміздің құқықтық жүйесі үшін мүлде жаңа институттар бар. Мемлекеттік қызметшілердің жылжымайтын мүлік, автокөлік және басқа да қымбат дүниелер сатып алуы қатаң бақылауға алынады. Сонымен қатар шенеуніктердің адалдығын тексеруге арналған «Integrity check» әдісін атап өтуге болады. Әрине, бұл ұсынысты әлі де жан-жақты пысықтау қажет. Дегенмен халықаралық тәжірибеде мұндай тексерістер жақсы нәтиже көрсетуде», – деді Қ.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте.

Президент өз тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы әзірленгенін атап өтті. Құжатта сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған ауқымды шаралар қарастырылған.

Тоқаев тұжырымдама жобасын бекітетінін мәлімдеді. Алайда жұмыстың тиімділігін нақты нәтиже бойынша бағалайтынын ескертті.

«Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек. Оған қоса заңнамалық шаралар қабылдауға тиіспіз», – деді ел Президенті. Одан бөлек, Қасым-Жомарт Кемелұлы жемқорлыққа қатысты қылмыстарды анықтау және ашу жұмыстарын күшейту қажет екенін айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях