Шамалғанда су бұрқағы орналасқан демалыс орны салынады

Шамалғанда су бұрқағы орналасқан демалыс орны салынады

Шамалған ауылдық округінде биыл су бұрқақ (фонтан) орналасқан демалыс орны пайда болады. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев округ тұрғындарымен өткізген есептік жиынында айтты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Өткен жылы ел Тәуелсіздігің 30 жылдығына орай, округтегі мешіттің қасына кішігірім алеясы бар биіктігі 30 метрлік ту тұғыры ашылған болатын. Енді биыл аудан басшысының айтуынша, осы алеяның қасына тұрғындарға арналған үлкен демалыс саябағы салынады. Паркте үлкендер серуендейтін, кішкентайлар ойнай алатын орындар болады. Құрылысы биыл басталатын саябаққа су бұрқағы да (фонтан) орналастырылада. Осыған орай қазіргі уақытта нысанның құжаттарына бірқатар өзгерістер енгізілуде. Түзетулер аяқталғаннан кейін бюджеттен қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары басталады.

Сонымен бірге, жиында округ әкімі Ержас Тоқтасынов биыл ауылдағы Ілияс Жансүгіров көшесінің бойына балаларды саламатты өмір салтына баулу мақсатында заманауи үлгіде жабдықталған «Street Workout» спорт алаңы салынатындығын мәлімдеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях