Шамалғанда атыс болып, ер адам жараланды

Шамалғанда атыс болып, ер адам жараланды

Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылының маңында 30-ға жуық адам төбелес шығарған. Жаппай тәртіпсізздік кезінде 30-жастағы ер адам жараланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы Алматы облыстық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Оқиға орнынан түрлі калибрлі қарулардың гильзалары мен оқтары және Lexus, ВАЗ маркалы көліктері табылды. Жаппай төбелеске 25-30 жас аралығындағы екі ауылдың тұрғындары қатысқан. Жастар арасындағы қақтығысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз, – делінген хабарламада.

Төбелеске қатысқандар іздестіріліп жатыр.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 293-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях