Тоғыз жолдың торабы болып саналатын Шамалған бекетіндегі 2019 жылдың 15 қыркүйегінде орын алған қайғылы оқиға кімнің де болсын есінде шығар. Кептелісте тұрған жолаушылары бар автобус пойызбен соқтығысып, оның салдарынан бір адам, яғни, көлік жүргізушісі қаза тапқан болатын. Одан бөлек, үш және бес жастағы қыздарымен анасы да ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Көпшілікті дүрліктірген төтенше жағдайдан кейін теміржолдың өткелінде автокөліктер үшін айналма жолды салу барысы жан-жақты зерделеніп, оның шешімі қарастырылды. Анығын айтқанда, 2019 жылдан бастап «Шамалған бекетін айналып өтіп, РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» 2453-2446 шақырым аралығындағы (42-49 шақырым) «Республикалық маңызы бар автомобиль жолын жаңарту» жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда бұл аумақтағы құрылыстың қарқыны жа- ман емес. Жалпы ұзындығы 6,01 шақырымды құрайтын учаскенің бойында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жоба бойынша теміржол және автожол арқылы эстакада, ауыл шаруашылығы техникасының өтуіне арналған жол өткелі және көпір түрінде техникалық санаттағы төрт жолақты айналма автожолын салу көзделген. Мұндағы жөндеу жұмыстарына тәжірибесі мол, республикалық маңызы бар жолдарды жүзеге асырып жүрген «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС толығымен жауапты. Жауапкершілігі мол жобаның жүзеге асуына 200-ден астам маман мен 50 техника жұмылдырылған. Олардың әрқайсысы учаскелерде өз міндеттерін орындауда. Жұмыстың басым бөлігі қазіргі уақытта темір жолдың маңында атқарылуда. Бас инженердің айтуынша, дәл осы жерде, яғни, құрылыстың барысы негізгі автожолға келіп тірелгенде, айналма жол салуға тура келеді. Сол кезде көліктер осы бағыт бойынша жүретін болады.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать