Шамалған ауылына 1000 түп ағаш отырғызылды

Шамалған ауылына 1000 түп ағаш отырғызылды

Қоғам қайраткері, меценат Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры көптеген істерге бастамашы болып жүр. Кеше аталған қоғамдық қордың қолдауымен Еріктілер жылына орай Шамалған ауылында 1000-нан аса саялы ағаш көшеттері егілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
Қазақтың ұлттық дәстүрінде адамгершілікке баулитын, тіршілік иесіне зиян келтірмеу мен қоршаған ортаға жанашырлық сезімін тудыратын ғұрыптар жеткілікті. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген даналық сөздің өзі адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан пайдасы барын айшықтап тұрғандай. Жақсы шарада Болат Әбішұлы алғашқы түп ағашты өзі отырғызып, бастап берді. Оны әрі қарай «Салиқалы ұрпақ» қоры жанындағы «Береке үйі» орталығының тәрбиеленушілерінен жасақталған еріктілер жалғап алып, белсенді атсалысты.
Ал, көшеттерді отырғызуды «Алматы сад» және «Green zon» атты ландшафты дизайн және жобалау, көгалдандырумен айналысатын мекемелер өз қолдарына алыпты. Олардың айтуларынша, ағаштардың барлығы осы аймақтың табиғатының бейімділігіне қарай таңдалған. Жақында шағын саялы баққа айналатын бұл аумаққа отырғызылған ағаштар да сан түрлі. Кіші қарағаш, қызыл және қытай терегі, тал, қарағай, үйеңкі, жәңгіш жапырақты, дерен, глядичия, шырша, шаған (ясень), шетен (рябина) сынды тізілген ағаштар Шамалған ауылының көшелеріне көрік бермек. Көшектердің барлығы түрлі тұқымнан таңдалғандықтан, гүлдеу кезеңіне қарай ағаштар жылдың төрт мезгілінде де жапырақтары жайқалып тұратын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях