Шалқар ауылы: ауыз су мәселесі шешіледі

Шалқар ауылы: ауыз су мәселесі шешіледі

Бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев Шалқар ауылында өткен есептік жиынында бірқатар шешімін тапқан мәселелер жайында айтты, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымы.  

Жиында аталған ауылда су тапшылығы қатты байқалатындығы айтылды. Тұрғындардың сөзіне сүйенсек, ауыз судың ағынымен қоса сапасы да төмен екен. Қыстың күндері су ақырын ағып тұратын болса, ал, жазда су мүлдем жоқ. Біраз жылдан бері  өзекті болып келе жатқан ауыз су мәселесі Жандарбек Ермекұлының қолдауымен шешімін тапты. Нақтырақ айтқанда Шалқар ауылының тұрғындары «Қаскелең су топтамасы» жобасының аясында 2025 жылға дейін сумен толықтай қамтылатын болады. Қазіргі таңда округ үшін сумен қамтамасыз ету жұмыстарына қажетті қаражат бөлініп, қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях