Сен қоғамға керексің

Сен қоғамға керексің

Аудандық пробация қызметкерлері мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері аяғын шалыс басқандардың қоғамға керектігін сезіндіру мақсатында бүгін «Сен қоғамға керексің!» атты мәдени экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» атты ұлт жоспарындағы басты тапсырмаларының бірі ретінде – бас бостандығынан айыру орынан босатылған әрбір сотталған адамға қоғамда өз орнын табуға көмектесу біздің міндетіміз деп айтылған болатын. Осы ретте Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында біздің ауданымызда бірталай жұмыстар атқарылып жатыр. Сондай іс-шараның бірі ретінде бүгін ауданымызда өткен «Сен қоғамға керексің!» атты мәдени экскурсияны айтуға болады.

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті Қарасай аудандық пробация қызметі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе ұйымдастырған шараның мақсаты пробация бөлімінде тіркеуде тұрғандарды құқық бұзушылар қатарынан заң талаптарын сақтаушы тұлғалар ретінде қалыптастыру, оларды қоғамға бейімдеу болып табылады. Аталмыш шара барысында бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтар ауданымыздың мәлени жерлерімен танысып өтті.

Экскурсияның бірінші бөлімінде олар әрбір шаңырақтың асыл киесі – ару ана, абзал жандарға терең құрмет көрсету ниетінен туындаған «Анаға құрмет» музейінде арнайы Мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған кішігірім концертті тамашалады. Концерттен кейін оларды аталмыш музейдің экскурсоводы мұнда орналасқан елімізге танымал әйелдерге қатысты түрлі материалдар, құжаттар, фотосуреттер, картиналар, тұрмыстық бұйымдардың тарихымен таныстырып өтті. Сондай-ақ, мәдени экскурсия барысында олар осы музейдің қасынан қазақ халқының әйгілі хандары, билері мен батырларының өмірбаяндарын таныстыру мақсатында салынған «Батыр бабаларға тағзым» мемориалын аралап шықты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях