Семейде полицей қоластындағыларды айыппұл «өндіруге» мәжбүрлеген  

   Семейде полицей қоластындағыларды айыппұл «өндіруге» мәжбүрлеген   

Семейде полиция қызметкері бағыныштыларын айыппұл «өндіруге» мәжбүр еткен, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Центральный, Затонский және Әуезов полиция бөлімдерінің басшыларына рейдті күшейту және шектеу шараларын бұзғандарды іздестіру туралы бұйрық берілген аудиожазба таралды. Оған қарағанда, лауазымды тұлға бағыныштыларының алдына нақты мерзімдер қойған. Сағат 16.30-ға дейін мүмкіндігінше көп заңбұзушыны табу.

«Қазір барлығы дереу учаскелік полиция қызметкерлерін алып аумаққа шықсын. 16.30-ға дейін карантин бұзғандарды анықтау керек. Шұғыл тәртіпте. Топтарыңыздың нәтижесі — нөл. Бұған жол берілмейді, біз қызыл аймақта тұрмыз. Қазір таппасаңыздар, ертең бәрі таңертеңнен кешке дейін осы заңбұзушылық бойынша жүреді. Сондықтан шұғыл түрде желіге шығыңыз, жұмысты ұйымдастырыңыз, уақыт бар. Сағат 16.30-ға дейін карантинді бұзғандарды табыңыздар», — делінген аудио-хабарламада.

Включить звук

Аудиожазба таратылғаннан кейін ШҚО полиция департаменті қызметтік тергеуді бастады. Аудиожазбаның кейіпкері Семей полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы екені белгілі болды.

«ШҚО полиция департаменті қызметтік тергеу жүргізді. Оның нәтижесі бойынша дыбыстық хабарламаның кейіпкері — Семей ҚП жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы анықталды. Лауазымды тұлға қызметтік-әскери тәртіпті бұзғаны үшін атқаратын қызметінен босатылды», — деді департамент өкілі.

ШҚО бас санитария дәрігерінің 20.04.2021 жылғы №5-1 қаулысына сәйкес Шығыс қазақстан облысы коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі жоғары өңірге кіреді. Өскемен, Семей және Аягөз қалалары «қызыл» аймаққа кірген. Covid-19 таралуына жол бермеу мақсатында құрамына жергілікті атқарушы орган, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері және полиция департаменті қызметкерлері кіретін мониторингтік топтардың жұмысы жандандырылған.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях