СДУ-дің болашақ түлектері прокуратурада қызмет еткісі келеді

0
1714

Болашақта прокуратура органдарында қызмет еткісі келетін СДУ студенттері бүгін өздерін толғандырған бірқатар сұраққа жауап алды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жоғары оқу орындарын бітіретін болашақ заңгерлер прокуратурада қызмет ету үшін алдымен ҚР Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясында сынақтан өтуі тиіс. Білімдерін нәтижелі көрсеткендер ғана аталған құзырлы органда еңбек ете алады. Бұл жөнінде бүгін Алматы облыстық прокурорының аға көмекшісі, кадр басқармасының бастығы Әсет Ақшолақов СДУ сдуденттерімен кездесіп, жан-жақты түсіндірді. Спикердің заң саласындағы ақпаратын арнайы тыңдау үшін аталмыш университеттің Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің Қолданбалы құқық және Халықаралық құқық білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттері қатысты.

Жиын барысында алдымен осы қызметке алғаш орналасатын тұлғаларға қатысты қабылдау емтихандарының бағдарламасы жайлы айтылды. Одан кейін Әсет Әпсеметұлы Алматы облысы бойынша прокуратуратурада жұмыс істеуге қызығушылық білдіретін бітіруші түлектердің жоқ еместігін тілге тиек етіп, бұл салада қызмет ету жауапкершілікті талап ететінін айтты.

Сонымен қатар СДУ білімгерлері болашақта прокуратурада еңбек етуге дайын екендерін жеткізіп, көптеген сұраққа жауап ала білді. Мәселен, «әскери билетсіз қызметке орналасуға болады ма?» деген көптің көкейіндегі сауал қойылды. Ал Алматы облыстық прокурорының аға көмекшісі Әсет Ақшолақов  бұл құжатсыз-ақ жұмысқа кіруге болатынын нақты түсіндіріп, ашып айтты.

Кездесу аясында студенттер тарапынан прокуратураға қатысты басқа да өзекті тақырыптар талқыланып, өндірістік практиканы сол мекемеде өту жайлы сөз қозғалды. Әсет Әпсеметұлы болашақ заңгерлерді аталған құзырлы органның жұмысымен таныстырып, білімгерлерді практикадан өткізу мәселесін қарастыратынын жеткізді. Ол үшін университетпен арнайы меморандум жасалуы тиіс. Бұл бастама жиын соңында алдағы уақытта ЖОО-ның басшылығымен келісіп, біржақты шешілетіні белгілі болды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь