СДУ-да «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» ашылады

СДУ-да «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» ашылады

Қарасай ауданында орналасқан Сулейман Демирель атындағы университетке қызметтік сапармен ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент директоры Ляззат Бейсенқұлова келіп,  оқу ордасының жаңа бастаманы талқылады, , деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Университет басшылығымен кездесу барысында департамент директоры СДУ базасында «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебін» ашу туралы ұсыныс білдірді. Оның айтуынша, студенттер өз қалауы бойынша мемлекеттік қызмет мектебінде онлайн форматта білім алып, тәжірибелі мемлекеттік қызметкерлердің дәрісін тыңдай алады.

«СДУ-ға мемлекеттік қызметке жастарды тарту, талантты студенттерді шақыру мақсатында келіп отырмыз. Біз «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» аясында жастарға мемлекеттік қызмет деген не екенін, онда жұмыс істейтін қызметкерлерге қандай талап қойылатынын, қандай заңдарды білуі керек екенін үйреткіміз келеді. Студенттерге базалық білім береміз және оқуды сәтті аяқтағандарға сертификат табысталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіргісі келетін мектеп түлектеріне жұмысқа орналасу барысында сүйемелдеу арқылы көмек көрсете аламыз. Бүгінде Алматы облысындағы жалғыз университет ретінде сіздермен тығыз байланыс орнатып, бірге жұмыс істегіміз келеді», –  деді департамент директоры Л.Бейсенқұлова.

Өз кезегінде университет ректоры Әлімжан Игенбаев ұсынысты қолдайтынын айтып, алдағы уақытта меморандумға қол қоюға дайын екенін жеткізді. Университет студенттері, оқытушылары мен мемлекеттік қызметкерлер арасында байланыс орнатып, екі жақты тиімді жұмыс істеуге ашық екенін айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях