«САРЫТАУҚҰМ»  САЗДАРЫ

«САРЫТАУҚҰМ»  САЗДАРЫ

Жуырда аудандық мәдениет үйінде көршілес Іле ауданының «Сарытауқұм» халықтық ән-би ансамблі үлкен концерт қойды.

Мұны аудандардың өзара мәдени байланысын күшейтетін мәселенің бірі дегеніміз жөн.

Кезінде үздік ән-би ансамбль атағын иеленген бұл өнер ұжымы осы уақытқа дейін өзінің көп көңілінен шыққан жақсы дәстүрін жүйелі жалғастырып келеді екен. Осыған көзіміз анық жетті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты аса маңызды бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерге орай ұйымдастырылған концертте  көптеген тамаша күйлер шертіліп, әдемі билер биленіп, әсем әндер айтылды.

Ансамбль орындаған «Көрұғлы» күйінен басталған кештің аяғына дейін жиналғандар қызу қол соғып, өнерпаздарға қошемет көрсетіп отырды.

Жалпы, қарасайлық көрермендер ілелік қонақтардың өрелі өнеріне өте риза болды.

Концерт аяқталған соң аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Жапаров сөйлеп, аудан әкімі атынан ансамбль мүшелеріне алғыс айтып, жаңа шығармашылық табыс тіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях