Жетісулық жеңіл атлет Данияр Орманғали марафонда топ жарды

Жетісулық жеңіл атлет Данияр Орманғали марафонда топ жарды

21 жасар Сарқандық желаяқ Данияр Орманғали «Astana Marathon — 2021» жүгіру марафонында топ жарып, алтыннан алқа тағынды деп, хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыс Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Бұл додаға еліміздің 10 облысынан және Азияның бірнеше мемлекетінен 265 спортшы қатысты.  Оның ішінде бақтарын сынаған Алматы облысының төрт спортшысы да бар.
Халықаралық дәрежеде ұйымдастырылған жарыста жерлесіміз Данияр Орманғали 42 км қашықтықты 2 сағат 24 минутта бағындырып, ҚР чемпионы атанып, Азия чемпионатына жолдама алды.
Айта кеткен жөн, Данияр Орманғали жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының 12 дүркін чемпионы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях