Санжар БОҚАЕВ: «Утилалымға қатысты күресті жалғастырамыз»

Санжар БОҚАЕВ: «Утилалымға қатысты күресті жалғастырамыз»

Саясаттанушы, қоғам қайраткері Санжар Боқаев утилилизациялық алымға қарсы күресті жақтастарымен бірге жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Утилизациялық алымға қарсы құрылған қоғамдық қозғалыстың белсендісі Санжар Омарұлы утилалымының мөлшерлемесі автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникалары үшін 50%-ға төмендегеніне көңілі толмайтынын білдіруде. Оның айтуынша, бұл шешімнің ешқандай есебі жоқ.

– Утилалым осылай төмендету үшін Үкімет екі ай ойланды. Тіпті, мұндай ұйғарымға келу үшін екі ай керек емес те еді. Одан кейін біз нақты утилизациялық жұмыстарға бір автокөліктің шығыны, көп болса 100 мың теңге екенін дәлелдеп берген болатынбыз. Нақты айтқанда, утилизациялық жұмыспен айналысатын көптеген жекеменшік компаниялардан кепілдік ретінде хаттарын да көрсеткенбіз. Осы серіктестіктер бір жеңіл көлікті 80 немесе 90 мың теңгеге утилизациясын жасауға дайын деп дәлелдеген. Сондықтан осы жұмыспен айналысатын «Жасыл даму» АҚ қандай да бір көлікті осындай халық қалтасына келетіндей утилизациялық соммаға жасай алмайтын болса, онда Үкімет тарапы бұл істі бәсекелестік ортаға бергені жөн. Бұл проблема көпшілікке ортақ. Мені қолдайтындар жетерлік. Сондықтан 50 пайызға төмендету деген шешіммен біз келіспейміз. Алдағы уақытта да күресімізді жалғастырамыз – дейді саясаттанушы Санжар Боқаев.

Қоғам белсендісі сондай-ақ вице-премьер Роман Склярдың жұмысын сынға алып, оның бұрынғы қызметіне баға берді.

– Бүкіл қазақстандық бизнес өкілдерінің Склярға деген жанайқайы бар. Ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болған кезінде де дұрыс жұмыс атқара алмады. Яғни, Роман Скляр автоөнеркәсіптік компаниялардағы мемлекеттік жобаны құрастыру келісімшарты бойынша кепілдікпен алған жауапкершілікті жоққа шығарды. шындығына келгенде ол мемлекеттің мүддесін қорғап, соларды барып тексеріп, заң тұрғысында тиісті шара қолдану керек болған. Осы жұмыс оның тарапынан дер кезінде атқарылғанда қаншама миллиард теңге мемлекеттің қаржысына қайтарылатын еді, – деп ойын білдірді Санжар Омарұлы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях