Бүгін Қаскелең қаласында орналасқан Сүлеймен Демирел университетінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы аясында дәрігерлер тегін кеңес беретін акция өткізілді. Оны аталмыш жоғарғы оқу орны ішінен құрылған «Қызыл Ай» еріктілер клубы мен аудандық орталық аурухана әкімшілігі бірлесе отырып ұйымдастырды. «Денсаулық күні» деп арнайы белгіленген бұл шараға студентер мен оқытушылар терапевт, неврапатолог, мамолог, қанның қысымын, қанттын және холестеринді тексеретін медициналық қызметкерлері өз қызметтерін ұсынды. Сондай-ақ, шара қатысушылар облыстық ЖИТС-ке қарсы орталық пен аурулардың алдын алу және психологиялық көмек көрсету бөлімінің білікті мамандарға тексерілу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы акцияның мақсаты студенттерге саламатты өмір салтын ұстану арқылы кез-келген аурудың алдын алатынын ұғындыру еді. Акцияны келушілерге тексеріс қабылдауына айналдырмау үшін универститет белсенділері флешмоб пен ойындарды көпшіліктің назарына ұсынды. Ал, тексерістен өткен әрбір студенттке тәттілер мен түрлі жемістер берілді.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать