«САМҒАУ 2019» ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ (Видео)

«САМҒАУ 2019» ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ (Видео)

Алматы облысы әкімінің журналистер арасындағы «Самғау» байқауы биыл да ұйымдастырылады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Осы жолғы БАҚ өкілдерінің жарысына жаңа номинациялар қосылып, жүлде қоры да еселенді. Бұл туралы жақында Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында баяндады.

[su_custom_gallery source=»media: 11307″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

БАҚ өкілдерінің еңбектері бағаланатын додаға Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын, өзекті мәселелерді жазатын, айқындап көрсететін аймақтық газеттердің, телерадиокомпаниялардың  редакциялары,  шығармашылық бірлестіктер мен ақпараттық агенттіктер, штаттағы немесе штаттан тыс авторлары да қатыса алады.

Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі:

  1. « Жылдың үздік журналисті» (ақпараттық мақала);
  2.  «Жылдың үздік тележурналисті» (жаңалық сюжет);
  3.  «Жылдың үздік операторы» (бейнематериал);
  4.  «Жылдың үздік фотосуретшісі» (фотосуреттер);
  5.  «Облыстық журналистика саласына қосқан үлесі үшін» (ардагер журналист);
  6. Жылдың үздік республикалық (халықаралық) тілшісі (репортаж, Алматы облысы туралы ақпараттық материал);
  7.  «Жылдың үздік тілшісі» (аудан, қалалық баспа басылымдары);
  8. Жылдың  баспа басылымның үздік дизайны, инфографикасы;
  9. Жылдың үздік бейне-клип өңдеушісі (монтаж);
  10. Жылдың үздік облыстық, республикалық Vlog (Алматы облысы бойынша бейне-блог) немесе Үздік блогері (Алматы облысы туралы пост);
  11. Жылдың үздік желілік басылымы

Байқау жұмыстары 2019 жылдың  1 қарашасына  дейін қабылданады. Ал, осы конкурсқа 2019 жылдың 1 қаңтарынан 1 қараша аралығында интернетті қоса алғанда, тіркелген газеттерде, тағы басқа да  БАҚ-та, теле және радиоэфирлерде, блогтарда  жарияланған материалдарды  ұсынуға болады. Сондай-ақ, жарыстың шартына сәйкес  байқаудың белгіленген мерзімінен бұрын немесе кейін жарияланған, қайта басылған материалдар қабылданбайды және олардың коммерциялық сипаты болмауы керек.

Конкурстық материалдар келесі мекенжайлар бойынша қабылданады: Талдықорған қаласы, Балапан көшесі, №28 үй, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы  немесе uvp_smi@mail.ru  электрондық пошта.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях