«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры 10 отбасыға баспана сыйлады

«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры 10 отбасыға баспана сыйлады

Өткен аптада Шамалған ауылдық округінің Мәдениет үйінде әрдайым игілікті істердің басы-қасында жүретін «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры биыл өзінің 5 жылдығын атап өтіп, көмекке мұқтаж 10 отбасын қуанышқа бөлеп, тұрғын үй кілтін сыйға тарту етті, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Аталмыш мерейтойлық шараға облысымыздың бірқатар қайырымдылық қорларының басшылары, танымал блогерлер мен ауданымыздың әкімі Жандарбек Далабаев қатысты.  Оның барысында Жандарбек Ермекұлы және де «Asar-ume», «Харакет» сияқты қорлардың іргетасын қалаған жомарт жандар бірқатар номинациялар бойынша марапатталып, Болат Назарбаевтың атынан Алғыс хаттар алды.
Мереке аясында қор өз атынан Алматы облысының 10 мұқтаж отбасына үйлер мен пәтерлер кілтін табыстады. Олардың қатарында біздің ауданымыздың тұрғындары да бар. Сондай-ақ, БЦП бар балаларға көмек көрсететін «Арман Алматы», Сығанақ» паралимпиадалық садақшылар қоғамдық бірлестігі сияқты бірқатар қайырымдылық ұйымдарына жаңа автокөліктер мен шағын автобустар сыйға тарту етілді.
Айта кетейік, 2016 жылы меценат Болат Назарбаевтың бастамасымен құралған «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры осы уақытқа дейін көптеген аз қамтылған отбасыларды, мүгедектер мен жетімдерді қолдап, оларға көмек көрсетіп келеді. Бүгінде қордың күшімен қаржылық көмек көрсету, азық-түлікпен және медициналық жабдықтармен қамтусияқты көптеген игі жобалар іске асырылуда.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях