Сабақтастық! Әділдік! Өрлеу! «Nur Otan» партиясының ұсынған үміткерін қолдау акциясы

Сабақтастық! Әділдік! Өрлеу!  «Nur Otan» партиясының ұсынған үміткерін қолдау акциясы

Орталық стадионда аудандық Жастар ресурсттық орталығының ұйымдастыруымен республиканың  әр аумағында болып жатқан «Сабақтастық! Әділдік! Өрлеу!» акциясы өтті.

Ағымдағы жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасап, Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімін жариялады. Еліміз үшін аса маңызды саяси оқиғаны ауданымыздың жас көшбасшылар тарихи шешім ретінде қарастырып отыр. Бұл сайлауға әрқайсысы жауапкершілікпен қарап, бірауыздан «Nur Otan» партиясының ұсынған үміткерін қолдап, лайықты дауыс беріп, саяси шарада белсенділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған акцияның ашылу салтанаты концерттік бағдарламамен бастады.

[su_custom_gallery source=»media: 9691,9692,9693,9694,9695″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Осыған орай сөз сөйлеген Жамбыл ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Гүлдана Жұмақан сайлаудың артықшылықтарына тілге етті. Жиынды түйіндеген аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Аида Ақшалова қатысқандарды және өзге жас буынды акция аясында атсалысуға шақырды. Шараның соңы жиналған жастардың латын алфавитіндегі «V» әріпін таңбалайтын және бейбітшілік пен жеңісті білдіретін таңдау белгісін бейнелеумен аяқталды.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях