АҚШ президенті Джо Байден Корнель университетінің банк құқығының профессоры, Қазақстанның тумасы Сәуле Омарованы АҚШ-тағы банк секторының негізгі реттеушісі, ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындауға ниетті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы ақпаратты Bloomberg және The Wall Street Journal агенттіктері жария етті.
Басылымның ресми дерегіне сүйенсек, Омарованың кандидатурасы ресми түрде осы аптада ұсынылуы мүмкін. Қазақстанның тумасы бұл лауазымға бекітілген жағдайда 1863 жылы құрылған банк сектеріндегі реттеушіні басқаратын алғашқы әйел болады.
Джо Байденнің таңдауын прогрессивті демократиялық заң шығарушылар мақұлдайды деп күтіліп отыр. Бірақ ол республикашылардан қолдау ала алмауы мүмкін. Сондай-ақ, С.Омарова криптовалюталарды сынға алуымен танымал.
Тамыздағы америкалық БАҚ-тың мәліметінше, Ақ үй әкімшілігі Сәуле Омарованың кандидатурасын зерттеген.
OCC — АҚШ Қаржы министрлігінің Тәуелсіз бөлімшесі. Реттеуші 1200 триллион долларлық жиынтық активтері бар 14 банкті бақылайды, бұл елдің банк жүйесінің барлық активтерінің үштен екісін құрайды.
Осылайша, OCС Федералды резервтік жүйемен (ФРЖ) және Федералды депозиттерді сақтандыру корпорациясымен (Federal Deposit Insurance Corporation, FDIC) қатар ең ықпалды америкалық қаржылық реттеушілердің бірі.