Қ.Сәтбаев атындағы университеттің кафедра филиалы Қаскелеңдегі колледжде ашылды

Қ.Сәтбаев атындағы университеттің кафедра филиалы Қаскелеңдегі колледжде ашылды

С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі мен Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті өзара іскерлік қарым-қатынасты нығайтып, болашақ энергетиктер үшін жақсы бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Кәсіптік білім мен жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері студенттердің болашағы үшін қажет-ақ. Бүгін осы тақырыптың айналасында облыстық семинар өтіп, «энергетика» мамандығы бойынша тәжірибе алмасу мәселесі талқыланды.

С.Жандосов атындағы Кәскелең кәсіптік-техникалық колледжі мен Алматы облысының білім басқармасы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған бұл жиынға Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу универсиетінің профессорлары арнайы қатысты. Сондай-ақ аталмыш шараға Қарасай ауданына қарасты бірқатар колледждің өкілдері де шақырылды.

Пленарлық отырыс барысында жоғарыда аталған орталықтың техникалық және кәсіптік бөлім басшысы Шынар Исаханова мен колледж басшысы Рүстембек Бакиров кәсіптік білім және жоғары оқу орнындағы іскерлікті айтып, ынтымақтастық арқылы маман даярлаудың мүмкіндіктерін сөз етті.

Дәл сол сияқты университет мен колледждің бірлестігін осы семинарға арнайы қатысқан Бақыт Жәутіков, Қасым Елемесов, Ерлан Сәрсенбаев сынды Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу универсиетінің профессорлары да айтты. Олар мұндай бастама студенттер үшін таптырмас мүмкіндік және лайықты маман даярлау септігі мол екендіктерін жеткізді. Сонымен қатар бұл жиында «Elcos» ЖШС-нің жетекшісі, аталмыш колледжің әлеуметтік серіктестігі Дархан Битимшинов дуалды оқытудың артықшылықтарына тоқталды.

Семинар отырысынан кейін құрметті қонақтардың қатысуымен С.Жандосов атындағы Кәскелең кәсіптік-техникалық колледжінде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу универсиетінің «Энергетика» кафедрасы филиалының ашылу рәсімі өтті. Оның қызыл лентасын аталмыш университеттің басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бақыт Жәутіков пен колледж басшысы Рүстембек Бакиров екеуі бірге қиып, меморандумға қол қойды.

Ынтамақтастықты арттыратын іс-шараның аясында шеберлік сабақтар көрсетілді. Колледж өкілдері тәжірибе алмасып, бірлесе жұмыс істеудің артықшылықтарын талқылады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях