Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған конференция

Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған конференция

Кеше аудандық орталық кітапханада, республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған, «Алаштың ардагер ақиық ақыны» атты ғылыми-танымдық конференция болды.

Конференцияда алдымен ақын, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтың мемориалдық музей-кешенінің директоры, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әділғазы Қайырбеков сөз алып, атақты сөз зергері Әбіш Кекілбаевтың «Абай екеуі бір биікте тұр» деп атап көрсеткенін айта келе, Сұлтанмахмұт пен екеуінің де өмір бойы қазағым, елім деп өткеніне кеңінен тоқталды.

«Ол, шын мәнінде, лирик, арманшыл, сыршыл, сыншыл еді» деді тағы да ақын Әділғазы Сұлтанмахмұт өлеңдерінің ерекшелігін баяндай отырып.

Келесі кезекте сөйлеген М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Гүлжаһан Орда да «20 жасында-ақ ақсақалдың сөзін айтқан» Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын терең зерттеген Бейсенбай Кенжебаев, Серік Қирабаев туралы да  баяндап берді.

Конференцияға қатысушылар, сондай-ақ, тарих ғылымдарының кандидаты, жазушы, аудармашы Әлімғазы Дәулетханның, К. Әзірбаев атындағы орта мектеп директорының орынбасары Ырыскүл Ибадуллаеваның, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызының мазмұнды сөздерін тыңдады.

Конференцияда Сұлтанмахмұттың өлеңдері оқылып, күй тартылды, ән  айтылды.

Соңынан орталық кітапхана директоры Ұлдархан Өтеева конференцияға қатысушыларға рахметін айтып, ризашылығын білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях