Жоба аясындағы байқаудың жүлдегері

Жоба аясындағы байқаудың жүлдегері

Адам баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі кітап болса, екіншісі ән. Олар кейінгі ұрпаққа қалдыратын рухани өсиет. Осыны ескеріп, «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы «25 ән, 25 кітап» жобасы аясында интернет-байқау ұйымдастырды. Оның мақсаты – жоба негізінде тәжірибе алмасу, жобаны тұрақтандыру, өз ұжымында қалыптастырған ұлттық құндылықтарды зерттеу арқылы қалыптастыру, кітап оқуды насихаттау еді.

Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының ұжымы аталған интернет-байқауға қатысып, «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында буктрейлер түсірді.

Аталған байқауда «25 кітап, 25 ән» жобасын мектебіне енгізіп, өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтар негізінде тәлім-тәрбие беруде көшбасшылық танытқаны үшін мектеп-гимназия директоры Сайбырова Тұрсын Әділбекқызы Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях