Жетісулықтар Арысқа қолдау білдіруде

Жетісулықтар Арысқа қолдау білдіруде

Талдықорған қаласында «Жетісу Арыспен бірге!» акциясы басталып, облыс орталығында гуманитарлық көмек көрсету пункті ашылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Гуманитарлық көмек көрсету пункті Талдықорған қаласы Қабылиса жырау көшесі, 127 үйде орналасқан. Ол бір ай көлемінде таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 21-ға дейін жұмыс істейтін болады. Аталмыш акция ұйымдастырушылар мәлімдеуінше Алматы облысының атынан Арыс қаласына үлкен керуен жіберіледі. Осы ретте Алматы облысының «Азаттық альянсының» директоры Елдар Сапаров барлық тұрғындардан шараға белсене араласып, мүмкіндіктерінше көмек қолдарын созуды сұрады.

– Өздеріңізге белгілі күні кеше Түркістан облысы Арыс қаласында төтенше жағдай орын алып, тұрғындардың жақын маңайдағы елді мекендерге көшуіне тура келді. Сол жерде зардап шеккен отандастарымызға қолдау көрсету мақсатында «Жетісу Арыспен бірге» акциясын бастап отырмыз. Осы бір сын сағатта жұрт болып қолдау көрсетіп жібергеніміз дұрыс деп ойлаймын, – дейді Елдар Қайсарұлы.

Тағы бір айта кетерлігі, Түркістан облысында осы жағдайға байланысты арнайы корпоративтік қор құрылды. Қаржылай жәрдем көрсеткісі келетін адамдар болса, ақшаларын сол жерге аударса болады.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорының реквизиттері:
Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы, 34«А» ғимараты.
Пошта индексі: 161200
БСН (БИН) – 100440016000 «Forte bank» АҚ Түркістан қаласында филиалы
ЖСК (ИИК) – KZ7196528F0007014540
БСК (БИК) – IRTYKZKA.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях