Жетісуда «Zhasproject» жастар жобасы бастау алды

Жетісуда «Zhasproject» жастар жобасы бастау алды

Жетісуда «Zhas project» жобасын іске асыру қолға алынды. Бұл жоба өз әлеуетін ашуға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, бастамашыл жобаларын жүзеге асыруға мүдделі жастар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашпақ. Осы жоба жөнінде Талдықорғандағы Журналистер үйінде баспасөз мәслихаты өтті,  деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің басқарма басшысы Алмагүл Құтанова аталмыш жобаның мақсат-міндетін түсіндіріп өтті. Сол сияқты Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли бұған дейін де бұл жобаның өңірде іске асырылғанын, облыс жастарына берері мол болатынын атап өтт:

– Шыны керек бұл жобаны біраз уақыт күттік. Шамамен 2017-2018 жылдары жақсы нәтиже берген жобаға сол кезде 600 млн.теңге бөлініп, 600 азамат грант ұтып алған еді. Аталған грант иелері бүгінге дейін өз жобаларын жүзеге асыруда, – деді Р.Али.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы бірлесіп жүзеге асырған жоба жастардың кәсіп ашып, жекелей, әлеуметтік жобаларын іске асыруына мүмкіндік бермек. 18 бен 28 жас аралығындағы азаматтар мен осал санаттағы жастар, жұмыссыздар, аз қамтылған отбасынан тұратын, жетім және мүгедек жандар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, көп балалы отбасы, «Алтын алқа», және «Күміс алқа» иегерлеріне аталған жобаға қатысуға мол мүмкіндік бар. Көрсетілген санатқа жататын жандар 26 шілдеден 10 тамыз аралығында «Zhas project»  жобасының әлеуметтік желідегі парақшасына өтінім қалдыра алады. Алғашқы кезеңде өздерінің жобаларын ұсынып, өтінім жіберсе, келесі кезеңде арнайы құрылған комиссияның қорытындысына сай грант иесі атануына болады. Жиында бұл жайлы «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірестігінің жетекшісі Жанат Төлемісова егжей-тегжейлі баяндады.

Айта кетерлігі, Алматы және Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау мен Түркістан облыстарында жүзеге асырылатын жобаға қатысып, өз өтінімдерін ұсынған және нәтижеге қол жеткізе алған жастарға 1 миллион теңге грант берілмек. Жиын барысында осыны айшықтаған қонақтар көптен бері елге таныс жоба туралы толыққанды ақпаратты парақшадан онлайн оқи алатынын да еске салды.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях