Жемқорлыққа қарсы марафон

Жемқорлыққа қарсы марафон

Таяуда Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, Талдықорған қаласында «Адал жол — Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны бастау алған болатын . Ондағы басты мақсат – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, оған қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және парақорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Аталған шара  сәуір-желтоқсан аралығында эстафета принципі бойынша облыстың барлық аймақтарында  өтеді.  Ал, марафонға қатысушы аудан, қалаларда түрлі шаралар, атап айтқанда, байқаулар, семинарлар, пікірсайыстар, жайдарман ойындары, флешмобтар, автошерулер  өткізеді.

Осыған орай, марафон аясында, 4 мамыр күні ауданымызда
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы, сондай-ақ, Астана қаласының 20 жылдығымен байланыстырылған велошеру өтті. Аталмыш шараға 50-ден астам жергілікті атқарушы органдардың мамандары қатысып, белсенділіктерін көрсетті.

Жамбыл мен біздің ауданның  шекарасында  қолға тиген марафон байрағын  Қарасайлық велошабандоздар, өз кезегінде  Қапшағай қаласы өкілдеріне салтанатты түрде табыс етті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях