Желтоқсаншылармен жылы жүздесу

Желтоқсаншылармен жылы жүздесу

Бүгін аудан әкімі Махаббат Бигелдиев 1986 жылы болған тарихи оқиға – желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтарды қабылдап, құрмет көрсетті.

Ел еңсесін көтерген егемендігімізге қол жеткізуде олардың орны ерекше екені белгілі. Өзінің құттықтау сөзінде Махаббат Садуақасұлы сол қаһарлы қыстағы оқиғадан бері 31 жыл өтсе де, желтоқсаншылардың ерлігі ешқашан қоғам санасынан ұмытылмайтынын, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдан келгенінше көмек көрсетілетінін тілге тиек етті. Ауданымызда 24 желтоқсан оқиғасына қатысқан адам тіркелген. Солардың бірі Мырзақұл Әбдіқұловтың баспаналы болғаны да айтылып, жігерлі жандардың атына жақсы тілектер жолданды. Аудан әкімі желтоқсаншылардың қоғамын құруды да ұсынып, бұл ұсыныс жиналғандар тарапынан да қолдау тауып, оның төрайымы ретінде белсенділігімен көзге түскен Іргелі ауылдық округінің тұрғыны Жұмажан Айжарықова таңдалды.

Сонымен қатар, Махаббат Садуақасұлы арнайы шақырылған қонақтарға сый-сияпатын ұсынып, мықты денсаулық, өмірлеріне бақыт, бар жақсылықты тіледі.

Ал, желтоқсаншылар атынан «Қайсар Жүрек» қоғамдық қорының мүшесі  Салмақбай  Арзымбетұлы сөйлеп, жыл сайын құрмет көрсететін аудан басшысының атына жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы Айтбай Көшкімбаев та ержүрек азаматтарға ізгі тілегін арнап, барша жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Басқосу естелікке суретке түсумен түйінделді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях