Бүгін Қаскелең мәдениет колледжінде «Твой голос – твое будущее» атты акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.
Еліміздің болашағы жастар болғандықтан, оларға қашанда үлкен үміт артылады. Алдымызда келе жатқан 9 маусым – Президенттік сайлау күнінде де аудан жастары белсенділік танытуы тиіс.
Осыған орай, Мәдениет колледжінде өткен жиында, білім ордасының үшінші курс студенттері Ақан Тамижан мен Жадыра Сабыржан өз сөздерінде жақындап келе жатқан үлкен саяси науқанға барынша жауапкершілікпен қарап, «Nur Otan» партиясы ұсынған үміткерді қолдап, бірауыздан дауыс беруге шақырды. Атап айтқанда, олар «Қазақстанның болашақ ұрпағы, оның ішінде біздер, Қарасай ауданының жастары да сайлауға белсене қатысып, азаматтық белсенділігімізді көрсетеміз!», – дейді.