ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар және отбасы істері жөніндегі комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметтің мәлімдеуінше Қазақстанда «Жастар жылына» арналған іс-шараларға 172 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл қаражат арқылы түрлі форумдарды өткізуді, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу жоспарланып отыр. Мысалы, жұмыс істейтін жастар үшін кем дегенде бір мың жалдамалы пәтер салу, волонтерлік қызметпен айналысатын студенттерге арналған стипендияны 30% -ға арттыру, 20 университетті және 180 колледжді қазіргі заманғы технологиялармен жабдықтау, сондай-ақ, кәсіпкерлікті бастау үшін ауыл жастарына жеңілдікті несие беру.
Мұнан бөлек мемлекет ғылыми жастарды қолдауға ниетті. Бұған бюджеттен қосымша 3 млрд. теңге бөлінеді.
– Бұл шаралар жастарды дамытудың «Жол картасына» бағдарламасына енгізілген. Жылдың соңына қарай біз 200 мыңнан астам жастарға өздерінің бизнес-жобаларын және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бере алатын боламыз. Егер біз білім беру мәселелерін шешсек, жастардың 70% -ын «Жастар жылы» аясында қарастырылған шаралармен қамтуды жоспарлап отырмыз, – дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері жөніндегі комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет.