Жастар таза қала үшін

Жастар таза қала үшін

Өткен аптаның аяғында аудандық жастар ресурстық орталығының белсенділері «Біз жастар таза қала үшін» атты акция аясында сенбілік өткізді. Тазалау жұмыстары Қаскелең өзенінің жағалауындағы «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» саябағында, Қарасай ауданы әкімдігінің алаңындағы Мәңгілік алау, Наурызбай батыр және Ауған соғысының ескерткіштері маңында жүргізілді. Ондағы мақсат – жастарды елжандылыққа баулып, тазалыққа үйрету, сонымен қатар, ортақ отанымыздың әдемі болуына, гүлденуіне және көркейуіне талпыныстарын арттыру еді.

Қолдарына тырма, күрек алып, жұмысқа ерекше ниетпен, зор ықыласпен кіріскен алдыңғы қатарлы жастар қолға алған бұл іс-шараға Қаскелең қаласында орналасқан 4 арнаулы жоғарғы оқу орындарынан 200-ге жуық студент белсене ат салысып, көмектерін көрсетті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях