Жастар форумы өтті

Жастар форумы өтті

Жасотандықтардың партиялық жұмыста алатын орны ерекше. Олар мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуына үлкен үлес қосып келеді. Қарыштап дамып келе жатқан цифрландырудың ағыма әлесі заман талабы. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» демекші әлем аренасында сандық Қазақстанды дамыту келекшек ұрпақтың қолында.  Осы негізде өткен аптаның жұмасында, аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты  филиалының ұйымдастыруымен  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламася аясында «Жастар.Энергия.Инновация.» атты жастар форумы өтті. Аудан жастарының басын қосқан форумның мақсаты – білім алушылардың танымдық қызметін арттыру, жастардың тілдік құзіреттілігін анықтау және көшбасшылық қабілеттерін дамыту болды.Сондай-ақ, жиын барысында  белсенділер,осы күнге дейін атқарылған жұмыстарымен таныстырып,  сөз сөйлеу шеберлігі, құжаттарды реттеу, құқық негіздері, SMM және көшбасшылық жайында да өз ойларын айтты.. Іс-шара соңында «Жас Отан» Жастар қанатының қызметінде белсенділік танытқан­дарды «Жас Отан» аудандық  филиалы­ның жетекшсі Мадина Нұрланова  марапаттап, алғысхаттар мен сыйлықтар табысталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях