Жастар арасында футболдан жарыс өтті

Жастар арасында футболдан жарыс өтті

Қаскелең қаласындағы орталық стадионының алаңында аудандық пробация қызметі бөлімінің ұйымдастыруымен мини-футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Елбасы Н.Назарбаевтың өзінің соңғы жарияланған жолдауында ел болашағы жастарды қолдау мақсатында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осы ретте біздің ауданымызда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сондай шараны бірі ретінде бүгін орталық стадионының алаңында өткен футболдан жарысты айтуға болады.

[su_custom_gallery source=»media: 12003,12001,12004,12000″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаменті Қарасай аудандық пробация қызметі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарыстын мақсаты жауапкершілікке тартылған тұлғалардың салауатты өмір салтын ұстанып, қайтадан қылмысқа баруына жол бермеу. Жарысқа пробация бөлімінде тіркеуде тұрғандардан құралған төрт команда жарысып, бой сергітті сондай-ақ, өзара кім мықтыны анықтады. 8 минуттан 2 тайм болып өткен жарыста барлығы да намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Матчтың сот төрелігін №1 балалар және жасөспірімдер мектебінің білікті қызметкерлері өткізді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Қаскелең қаласының командасы қанжығаласа, екінші орынды Райымбек ауылдық округінің командасы алды. Ал, үшінші орынды Әйтей ауылдық округінің командасы иеленді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях