Жарақаттың алдын алу үшін

Жарақаттың алдын алу үшін

Осы жылдың 1 сәуірінен бастап ауданымыздың бірқатар білім ордалары, балабақша және басқа да мекемелерінде жол-көлік және тұрмыстық жарақатының алдын алу жөнінде айлық сабақ жүргізіле бастады. Мектеп жасындағы және оған дейінгі балалар, жасөспірімдер, жастардың арасында жарақат мәселесіне мемлекеттік ұйымдардың, жұртшылықтың, БАҚ пен барлық халықтың назарын аудару мақсатында ұйымдастырылып жатқан бұл іс сақтық шараларын сақтайтын іс- әрекеттің маңызы туралы ақпарат деңгейін арттыруды көздейді.

Сабақ барысында Қарасай  аудандық орталық аурухананың саламатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Таждинова Дана мен  мейірбике Туралиева Гулзия тақырыпқа  сәйкес бейнеролик көрсетіп, қатысушыларға викториналық  сұрақтар қойып, топтық ойындар жүргізуде. Сонымен қатар, ақпараттық оқыту құралдары таратылып, балалардың еркін және қоғамдық көлікте өзін ұстай білу дағдыларын қалыптастыру, жолда жүру ережелерін, белгілерді тану қабілетін жетілдіру шаралары өтіп жатыр.

Бір айға жоспарланған жобаның басталуына Елбасының 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мұрындық болғанын айта кеткен жөн.

Әлем бойынша жолда қаза табатын адамдардың жартысы – жол қозғалысының «бәсең қатысушылары», яғни, жаяу жүргіншілер, велосипедшілер және мотоцикл жүргізушілері көрінеді. Осыдан кейін-ақ әрбіріміздің өміріміз үшін маңызды болған денсаулығымызды күтудің және төтенше жағдайлар кезіндегі жарақаттарға алғашқы көмек жасаудың, мүгедектіктің алдын алудың қаншалықты дәрежеде маңызды екендігін ұғатынымыз анық.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях