Қаскелең қаласында орналасқан Сулейман Демирел университетінде «Жарқын болашақ» IX қазақ тілі олимпиадасының республикалық кезеңі өтті. Үш күнге созылатын жыл сайын дәстүрлі түрде іске асып жатқан бұл жобаның мақсаты қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, жасөспірімдердің шығармашылық- зерттеу қабілеттерін арттыру, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын ояту.
Аудандық, облыстық кезеңнен іріктеліп, жүзден жүйрік шыққан жасөспірімдер ақтық сында барын салып, «Тілші – әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», «Жас жазушылар», «Жас ғалымдар» номинациялары бойынша өнер көрсетті. Себебі, бұл жеңіс оларға аталған университеттің ішкі грантын сыйлайды. Оның барысында, қатысушылар қазақ тілі мен әдебиетінен білімдерін сынады, мәнерлеп өлең оқыды, әуелете ән салды, эссе жазып шығармашылық деңгейін көрсетті, ғылыми жоба қорғап қазылардың оң бағасын алуға тырысты. Осы арқылы ана тіліміздің мерейінің бір көтерілгенін көре аламыз. Республика көлеміндегі шараның төрешілері де елімізге танымал тұлғалар. Танымал журналистер Мейіржан Әлібекұлы, Нұрсұлтан Құрман, Бауыржан Карипов, айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов, әншілер Ержан Смағұлов, Мирас пен Құралай сынды өз саласының шеберлері жеңімпаздарды алдағы уақытта анықтайтын болады.
Айта кетейік, «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының өтуіне «KATEV» халықаралық қоғамдық қоры қйымдастырып, демеушілік етеді.