Жаны жомарт ақсақал балаларды қуанышқа бөледі

Жаны жомарт ақсақал балаларды қуанышқа бөледі

Шамалған ауылдық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Балалар жылының» қарсаңында бүгін «Жанашыр жүрек» атты қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жақсылықты насихаттаған бұл кештің аясында тұрмысы төмен отбасыдан шыққан шамалғандық 50 оқушы қысқы киіммен қамтылып, қуанышқа кенелді. Бұл игі шараның өтуіне Қарасай ауданының Құрметті азаматы, Шамалған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Молбаев тікелей себепші болды.

Ауылдық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға құрметті қонақтар да арнайы шақырылды. Олардың қатарында Қарасай аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Сағат Мәсімақынов және Ақлия Бекбайқызы, Шара Қанатқұлқызы сияқты ардақты ата-әжелеріміз, сонымен қатар Шамалған ауылдық округінің әкімі Ержас Тоқтасынов болды.

Салтанатты жиында Сағат Ұлтарақұлы сөз алып, осындай қайырымды іске ықпал еткен Амангелді атамыздың еңбегін жоғары бағалап, ол кісінің осы уақытқа дейін атқарған жұмысына ризашылығын білдірді.

Амангелді Жебегенұлының жомарттығын округ әкімі Ержас Серғазыұлы да сөз етіп, жас ұрпақтың алдында және ауылдың ахуалын арттыру жолында атқарып жатқан жұмысына шынайы алғысын айтты. Сонымен қатар округ әкімі Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естеновтің атынан Амангелді ақсақалға Алғыс хат табыстап, аудан басшысының ықыласын жеткізді.

Қонақтардың айтқан ақ тілектерінен кейін Шамалған ауылына қарасты барлық мектептегі тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 50 оқушыға Амангелді Молбаев ақсқалдың демеушілігімен алынған қысқы киімдер үлестірілді. Олардың әрбірін сахна төрінде ата-әжелеріміз табыстап, оқушылардың озат болуын тіледі.

Сонымен қатар бұл шараның барысында Қарасай ауданының Құрметті азаматы Серік Бакишев жақсы істі дәріптеген Амангелді Жебегенұлының иығына шапан жауып, қуанышқа бөленген оқушыларды құттықтады.

Қайырымдылық шарасы концерттік бағдарламаға ұласты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях