Жайна Сламбек «Хабар» арнасының директоры болды

Жайна Сламбек «Хабар» арнасының директоры болды

 

Белгілі тележурналист Жайна Сламбек «Хабар» арнасының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Жайна журналистиканың өз жауынгері. Көрермен қауым оны сараптамалық бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі ретінде жақсы таниды,

— деді Берік Уәли.

Жайна Сламбекқызы 1974 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтаған.

Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда «Хабар» агенттігінде тілші болып бастаған. 2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді.

2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Астана» телеарнасында «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды.

2019 жылдың тамызынан бері Ұлттық арнадағы «Apta» бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях