Жаңа әкімді таныстырды

Жаңа әкімді таныстырды

Бүгін Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев, таяуда өткен сайлау нәтижесі бойынша жаңадан тағайындалған Бірінші Май ауылдық округінің әкімі Тоқтасынов Ержас Серғазыұлын жұмыс орнына отырғызып, халыққа таныстырды. Округ активі бас қосқан жиында алдымен оның өмірі мен еңбек жолы жайында толыққанды мағлұмат оқылды. Өз кезегінде Махаббат Садуақасұлы жас та болса, бас болып осы лауазымды иеленіп отырған Е.Тоқтасыновтың атына жақсы пікірін айтып, оның жоғары жауапкершілігі мен іскерлігін алға тартты. Ауыл әкімінің алдағы қызметіне сәттілік тілеп, ел сенімін ақтау керектігін, халыққа жақын болу қажеттігін де ескертті. Қарттар жағы болса, жақсы тілек, лебіздерін ақ бата арқылы жеткізді.

Соңынан аудан басшысы аталған округті бұған дейін жеті жыл басқарған Мұрат Қарнақовқа да алғыс айтып, иығына шапан жапты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях