«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бүгінгі күнге дейін 389 572 зейнеткердің үйіне зейнетақысы жеткізіп, 6 мыңға жуық зейнеткер төлем картасына көшірілгенін айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.
– Қазіргі уақытта қозғалыстың шектелуіне байланысты бұрын пошта бөлімшесіне зейнетақыға келетін барлық зейнеткерге сәуір айының зейнетақысын үйлеріне жеткізудеміз. Қалғандарына төлем картасын ашып, ақшаларын сол картаға аударып, карталарын үйлеріне жеткізіп беріп жатырмыз, – деді Сәкен Сәрсенов.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге 1-15 сәуір