«Үздік ауыл әкімі» конкурсы басталды

«Үздік ауыл әкімі» конкурсы басталды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Үздік ауыл әкімі» конкурсының басталғаны жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымның тілшісі.
«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 167-р өкімімен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі
2022-2024 жылдарға арналған жол картасының 82-тармағына сәйкес өткізіледі.
Конкурс ағымдағы жылдың маусым-қазан айларында өткізіледі. Бақ сынайтын ауыл әкімдерінен құжаттар 10 мен 30 маусым аралығында қабылданады. Қатысушыны мемлекеттік қызметте әкім лауазымында үш жылдан кем емес өтілі бар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылығы үшін алынбаған тәртіптік жазалары жоқ, соңғы бір жылда қоғамда теріс пікір тударатын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, 2021 жылғы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау қорытындысы бойынша «тиімдіден» төмен емес бағаланған кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері болуы тиіс.
Толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында және облыс әкімдіктерінің сайттарында орналастырылған.
https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/382427?lang=k
Конкурсты өткізудің жалпы ережелерімен төмендегі сілтемелер арқылы танысуға болады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/312652?lang=k
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu/documents/details/310110?lang=k
Құжаттарын ags_2010@mail.ru эл. поштасына жолдау қажет.
Қосымша сұрақтар бойынш 8-7282-240804, 8-701-7774580 телефон нөміріне хабарласуға болады

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях