Вацина алмаған немесе соңғы 6 айда коронавируспен ауырмаған мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компаниялар мен кеңсе қызметкерлері қашықтан жұмысқа ауыстырылады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Бұл туралы кеше Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысында белгілі болды.
«Міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады», деп жазылған құжатта.
Қаулы 2021 жылғы 3 мамырда сағат 00-ден бастап күшіне енеді.