Бүгін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалық етуімен еліміздегі ең белді саяси күш – «Nuг Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі болып өткені белгілі.
Съездің күн тәртібі бойынша «Nuг Otan» партиясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну сияқты маңызды мәселе қаралды.
Республикамыздың жер-жерінен жиналған делегаттардың алдында Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген көптеген жетістіктерді айта келе партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сайлауға Қазақстан Республикасының Президенттігінен үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
Сонымен қатар, Елбасы мемлекетіміздің ең жоғары басшылығына дәл осы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өте лайықты екенін атап айтып, оның елге сіңірген қызметі мен ерен еңбегіне жан-жақты тоқталды.
Барлық қазақстандықтар тәрізді мен де туған еліміздің ертеңіне, тағдырына бет-жай қарай алмаймын. Сондықтан Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басқаруға Қасым-Жомарт Тоқаевты өте дұрыс ұсынды деп есептеймін.
Дамиля Клышпаева,
Қарасай аудандық мәслихатының депутаты,
аудандық орталық аурухана
жан сақтау бөлімшесінің меңгерушісі.