Қ.Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болды

Қ.Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болды
Елордада «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі өтіп жатыр. XXI Съезінің шешімімен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Naqty.kz.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді.

Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды.

– «Nur Otan» партиясына төрағалық ету – аса жауапты жұмыс. Осы міндетті атқаруды маған ұсынып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Съезге бейнеконференцбайланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдар өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қатысуда.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях