Ауданымызда «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес сауатты жазылуын тексеру мақсатында «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы жүргізілуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Акцияның негізгі мақсаты облыс бойынша халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес ресімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету және бұл іске облыс жұртшылығын кеңінен жұмылдыру. Осы акцияның аясында ауданымыздың көлемінде бірқатар рейдтер мен жеке кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде.
[su_custom_gallery source=»media: 11903,11905,11906,11904″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Осыған орай, қалалық әкімдік пен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен және тілге жауапты мамандарының қатысуымен бүгін «Тіл тазалығын сақтайық» акция аясында ауданымыздағы дүкендер мен демалыс орындары бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында Абылай хана көшесі бойында орналасқан мейрамханалар мен асханалар, дүкендер, демалыс орындары мен балмұздақ сататын кішкентай дүкеншелер сияқты халыққа қызмет көрсету нысандарының иелеріне «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, барлық ақпарат жазылған парақшалар мен сөздіктер таратылды. Сондай-ақ, акция барысында мамандар нысандар иелеріне заң бұзушылықтарды түзетуге тамыз айының 25-іне дейін ғана уақыт берілгенін және де белгіленген мерзімде түзетілмеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 75-бабына сәйкес әкімшілік шара қолданылатыны туралы ескертті.