Тікелей халықаралық автобус рейстері ашылды

Тікелей халықаралық автобус рейстері ашылды

Бүгін ауданымыздың Әйтей округіне қарасты орналасқан «Үшқоңыр»  автобекетінде Алматы-Ташкент, Алматы-Нукус бағыты бойынша жүретін тікелей халықаралық автобус рейстері ашылды. Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында екі елдің бірлігін нығайту мақсатында ашылған бұл халықаралық бағыттар көршілес мемлекеттермен тығыз байланыстықты арттыратыны сөзсіз. Аталған автобекетте мерекелі түрде  рейстердің ашылу рәсімі өтті. Аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Ашимбай мен ООО «Еркін Эмина Экспресс Тур» басшысы Хамиджан Насуллаев екі елдің достығы ұзағынан болсын деген ниетпен қызыл лентаны қиып, бағыттардың іске қосылуын салтананатты түрде ашып берді. Алғашқы рейспен келген қонақтарымыз дастархан дәм татып, қуанышты әсерлерімен бөлісіп жатты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях