Тергеуші Жансая

Тергеуші Жансая

Сот әділдігінің ақ туы желбіреу үшін істі болған азаматтармен жеке дара жұмыс істейтін, ең алдымен, ол – тергеушілер. Олар үшін қылмыстың орын алған уақыты мен жазаға лайықты қылмыскерлерді анықтау жауынгерлік тапсырманы орындаумен тең. Осындай міндетті арқалап, оны тиянақты да, жауапты түрде іске асыру – тергеушілер үшін қызмет алдындағы адамгершілік парызы екені айтпасақ та түсінікті. Қызмет жолында өзіне артқан жүкті абыроймен арқалап жүргендердің ішінде аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция лейтенанты Жансая Серікқызы да бар, деп хабарлайды naqty.kz.

2000 жылы дүние есігін ашқан, Алматы қаласының тумасы қазіргі таңда қылмыс ашудың алдыңғы шебінде жүретін білікті де белсенді қызметкер. Қазіргі уақытта қиын іс бойынша анықтау жұмыстарын жүргізіп жатқан тергеушімен бірден тілдесу оңайға түспеді. «Түнімен ұйықтаған жоқпын» деп, өзінің жұмысынан соң  бірден сұхбат беруге келіскен  жас қыздың қызметіне қаншалықты жауапты екенін байқадық. Кейіпкерміз мектеп қабырғасын Алматы облысы Іле ауданы М.Мақатаев атындағы №13 білім ордасында  жерінде тәмамдап,  2017 жылы Қарағанды қаласы Ішкі істер Министрлігі Б. Бейсенов атындағы академиясында «тергеуші» мамандығы бойынша білім алады.

Жалпы, заң саласында қызмет етуді мақсат еткен Жансая бала арманына қол жеткізу үшін  2021 жылы Қарасай аудандық полиция басқармасына жұмысқа орналасып, тергеу бөлімінің тергеушілер қатарына қосылады. Тапқырлық пен талғампаздықтың арқасында басқарма басшылары  қызметін бағалап, табандылығымен көзге түскені үшін бірнеше марапатқа да ие болды. «Тергеушілер үшін қашанда уақыттың қымбаттылығы көп байқалады» дейтін ол, адам тағдырына да жауапты екенін айтады. Тіпті, ауыр қылмысты бүге-шүгесіне дейін талдап, ақиқат жолында оны ашу үшін күн демей, түн демей жұмыс істейтін кездері де кездесіп жатады екен. Жас тергеуші көбінде аудандағы әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылық қылмыстық істері бойынша тергеу жұмыстарын жүргізеді екен. Нәзік жан болғанына қарамастан моральдық тұрғыдан ерлермен қатар жүріп өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқарып келеді. Қызметіне деген асқан жауапкершілікті сезінетін Жансая Серікқызы  өз саласы бойынша биік шыңдарды бағындырып, үздік атансам деген тілегімен де бөлісті.

Оның осындай жүректен бұлқынып шыққан мақсат-тілектерінен қызметіне деген сүйіспеншілік, бойынан тегеурінділік қасиеті байқалғандай болды. Әңгіме соңында жас тергеуші қыз қызметтік жолындағы талай нәрсені үйретіп, тәлімгері болған әріптесі, тәжірибелі қызметкер, аға тергеуші  Рүстем Исаны әрдайым бағыт-бағдар беріп отыратын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, жақсы ұжымның ортасында табандылық танытып жатқанын мақтанышпен жеткізе келе, қолдау көрсетуден алдына жан салмайтын әріптестерін мерейлі мерекелерімен де құттықтады. Өз кезегімізде біз де Жансая Серікқызын полиция күнімен құттықтап, қызмет жолында тек жетістікке жете берсін дегіміз келеді. Есімі елдің есінде қалатындай мықты тергеушілердің алды болуына тілектеспіз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях