Қазіргі уақытта еліміздің барлық аймақтарында «Таза Қазақстан» тазалық акциясына орай сенбілік жұмыстары жүріп жатыр. Аталмыш шара аясында Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының жүздеген тұрғыны елді мекендердің көшелеріне, тау бөктерлеріне, өзен жағаларына шығып, оларды ретке келтіріп, қоқыстан тазартуда. Сонымен қатар ауданда ағаштар мен бұталарды отырғызылуда, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Жалпы аудандағы тазалық жұмыстарына қатысқандардың қатарында жергілікті билік өкілдері, халық қалаулылары, ақсақалдар, белсенді жастар мен аудан тұрғындары бар. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертастың айтуынша, себілікке шығып, көмек көрсетіп жүргендерге әкімдік қолдау білдіріп, тазалау жұмыстарын жүргізуге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеледі.
Аудандық сенбіліктерге мың жарымға жуық адам, жиырмадан астам кәсіпорын қатысты. 34 аулада тазалық жұмыстары жүргізіліп, 20 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Бұған қоса арықтар мен бұлақтарды тазалауға ерекше көңіл бөлінеді.
Сенбілік науқаны әлі де жалғасатын болады.