«Әлем Барысы» турнирінің жеңімпазы, Қазақша күрестен үш дүркін әлем чемпионы Айбек Нұғымаров коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Танымал спортшы бүгінгі таңда Семей көлік колледжінің директоры қызметін атқарады. Чемпионның сырқатқа шалдығып, ауруханаға түскені жайлы жергілікті қала әкімдігі хабарлады. @akimat.semey «Бүгін Семейде COVID-19 диагнозымен аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде Семей колледждерінің екі директоры — Электротехникалық колледж директоры Азат Сәрпеков және Семей көлік колледжінің директоры, қазақша күрестен үш дүркін әлем чемпионы және «Әлем Барысы» турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров түсті», делінген Семей әкімдігінің инстаграм парақшасында.
Әкімдіктің мәліметінше, қала мен елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, елдегі спортшылардың арасынан А.Нұғымаров алғаш болып коронавирус жұқтырды.